31.08.2023, 17:45
Оқылды: 25

Жаңа құрылғы орнатылды

Жаңақала аудандық ауруханасында халыққа сапалы, қолжетімді әрі ұтымды қызмет көрсету мақсатында аурухана директоры Е.Сарсенғалиев емхананың зертханалық жұмысында талдау нәтижесі арқылы бір емес бірнеше көрсеткішке бірден қол жеткізуге мүмкіндік беретін көпфункциялы зертхана кешенін орнатты.

371854697_1764244137362587_1082727789164291685_n

Біздің айтып отырғанымыз - иммунохемилюминесцентті анализатор аппараты.

Иммунохемилюминесцентті талдау (ИХЛТ) әдісі қан құрамындағы қалқанша безін ынталандырушы гармон, бос трийодтиронин гормоны, бос тироксин гормоны, пролактин, тестостерон, прогестерон, жалпы простотит антигені, көмірсу антигені; лютеиндеуші гормон; эстрадиол, фолликулды ынталандыратын гормон, инсулин, Д дәрумені, 12 дәрумені, қатерлі ісік антигені 15-3, 125, гепатит С, В зерттеу нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Енді тұрғындар қан талдауын ауданның емханасынан зертханалық лабораторияға тегін тапсыра алады.

 

А.Бисенбаева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале