7.02.2024, 16:30
Оқылды: 48

Жаңа маусымға жолдама ұтты

Нұргелді Камалидденов жетекшілік ететін Казталов ауданының «Қосөзен» құрамасы Астанада өткен «JAIDARMAN JUNIOR» республикалық ойынында жоғары ойын көрсетіп, туған ауылға оралды.

425952870_858720599597500_2717808606680468094_n

Айта кету керек, өткен «JAIDARMAN JUNIOR» республикалық жобасының І кезеңінде 84 команда қатысса, ІІ кезеңге өткен 23 команданың қатарынан табылған команда екінші кезеңнен де сүрінбей өтіп, 14 үздік команданың бірі болып эфир ойындарына түсіп келді.

426108512_858720719597488_2097911336005211827_n

«Қосөзен» құрамасы Наурыз айында Алматыда өтетін «JAIDARMAN JUNIOR» маусымына жолдама алды. Маусым соңында үздік ойыншы атанған жайдарманшы Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің грантына ие болады.

Ауылдың жанашыр азаматы Нұрлыбек Хайруллин жайдарманшылардың қасында жүріп дайындаған  жетекшісінің еңбегін ескере отырып, тұлпар мінгізді.

Қосөзен құрамасы қолдау көрсеткен барша ел ағасы мен ата-аналарына, қолдаушыларына алғысын білдірді.

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале