13.04.2017, 11:44
Оқылды: 28

Жаңа мыңжылдыққа бастайтын тарихи жол

ҚР Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қазақ баспасөзінің қара шаңырағы – «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғару» атты мақаласы шынтуайтына келгенде қалғып бара жатқан санамызды сергітіп, бүкіл жан дүниемізді қопарып өтті десек те болады.

Елбасымыз мыңдаған, миллиондаған адамдардың көкейінде жүрген күмәнді ойларын дөп басып, ұлтымызға, жастарымызға жарқын жол ашты. Бұл жаңа мыңжылдыққа бастайтын тарихи жол болмақ.

Н.Әбішұлы осы кезге шейінгі даму үлгісінің болмысындағы кемшіліктер мен жетістіктерді саралай отырып, жаңа мыңжылдық адамының қандай болуы керектігін айқындап берді. Бұл орайда Елбасының «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» деген сөзі алдағы атқарылар барлық істердің Темірқазығы болу керек.

Ол бәсекелікке қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелерінде де ой-сананы жаңғыртатын және түбегейлі қалыптастыратын толғамды ойларын ортаға салған. Бұл орайда мінез-құлықты өзгерту, ұлттық мәдениетті сақтау, білімді дамыту, тілімізді әлемдік деңгейге жеткізу мәселелеріне де айырықша көңіл бөлініп, оны іске асырудың танымдық міндеттері айқындалған.

Байтақ Отанның туған жерден басталатынын да Елбасы назардан тыс қалдырмай, Үкіметке «Туған жер» бағдарламасын жасау жөнінде тапсырма беруі, адамдардың, әсіресе, жас ұрпақтың бойына шынайы патриоттық сезім қалыптастырудың, рухани жаңғырудың басты шарты болмақ. Ал рухани жаңғыру - ұлттық идеологияның өзегі.

Ел дамуының жаңа мыңжылдық тарихының табалдырығында тұрып тілеріміз: ұлтымызды әлемдік деңгейге көтерер өрелі ісіміз өрісті де жемісті болғай.

                                                                  Закария СИСЕНҒАЛИ,

                                                                  Жаңақала аудандық

мәслихатының хатшысы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале