Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязов Күйгенкөл ауылына жұмыс сапарымен барып, ауыл аппаратына жаңадан сайланған әкім Сержан Қошановты таныстырды. Тимур Серікұлы әкім жұмысына сәттілік тілеп, абыройлы жұмыс істеп, елге жақын болуды тапсырды. Өз кезегінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жарқын Хаирлиев сөз алып, сайлау шешімін оқып, куәлік табыстады.

Сержан Серікұлы 1989 жылы Жәнібек ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «География пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2010 жылы Жәнібек ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектебінде география пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары №1 жалпы білім беретін мектебінде уақытша географиия пәні мұғалімі және қосымша білім беру педагогы, Жәнібек ауылындағы туризм орталығының қосымша білім беру педагогы, №1 жалпы білім беретін мектебінде өзін өзі тану мұғалімі, Жәнібек ауылындағы Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры, Жәнібек ауылындағы А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінің директоры қызметтерін атқарған.
Отбасылы, екі қыз тәрбиелеп отыр.
Айта кетейік, Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің сайлауына өзін-өзі ұсынуымен 3 үміткер қатысты. Дауыс беру нәтижесінде Сержан Серікұлы Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Гүлзара МӘДИ
Жәнібек