4.04.2022, 18:15
Оқылды: 229

Жаңа судьяны таныстырды

Бүгін Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қаратөбе аудандық сотына қызметке келген жаңа судья Әділбек Қарекеновты аудан активіне таныстырды.

IMG-20220404-WA0092

Қаратөбе аудандық сотының судьясы Әділбек Қарекенов 1989 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының Казталов ауылында дүниеге келген.

IMG-20220404-WA0091

Білімі жоғары. 2011 жылы Еуразия академиясын, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын бітірген. Заңгер, құқық магистрі.

Әділбек Қазбекұлы алғашқы еңбек жолын 2011 жылдың қазан айынан БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы қызметінен бастаған. 2014-2015 жылдар аралығында БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің бас маманы, 2015-2016 жылдары Орал қаласының №2 соты кеңсесінің бас маманы, 2016 жылдың маусымынан желтоқсан айына дейін БҚО мамандандырылған  ауданаралық экономикалық соты кеңсесінің бас маманы, 2016-2017 жылдар аралығында Тасқала аудандық соты кеңсесінің  меңгерушісі, 2017 жылдан ағымдағы жылдың наурызына дейін Теректі аудандық соты кеңсесінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Үстіміздегі жылдың наурыз айынан Қаратөбе аудандық сотының судьясы қызметінде.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Нұрлан Еркінұлы аудан активіне аудандық сот судьясы Әділбек Қазбекұлының өмірбаяны мен еңбек жолын таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

IMG-20220404-WA0093

Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев  аудандық сот судьясы Әділбек Қарекеновты жаңа қызметімен құттықтап, қасиетті Қаратөбе өңірінің азаматтарымен бірлесе жұмыс жасайтындығына сенім білдірді.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале