11.11.2022, 14:46
Оқылды: 35

Жаңақала аудандық мәслихатының кезектен тыс XXVlll сессиясы өтті

Аудандық мәслихат хатшысы Серік Жардемалиевтың жүргізуімен өткізілген сессияға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Еркінұлы, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатысты.

7

Күн тәртібінде " Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын қайтару тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу жөнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаровтың хабарламасы дауысқа салынып,  бірауыздан қабылданды.

8

Екінші мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Есен Бекболатов "Ауданның кейбір ауылдық округтердегі елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекіту туралы" хабарлама жасады. Аталған мәселе бойынша комиссия отырысында ұсыныс-пікірлер кеңінен талқыланғандықтан шешім жобасына өзгертулер енгізілмей, бірауыздан қабылданды.

Зара Жәрдемова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале