Бүгін Жаңақала ауданы әкімі Наурызбай Қарағойшин ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Валиев Ғинаятты 70 жасқа толуына орай арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Қабылдау барысында аудан әкімі Н.Қадырбайұлы ардагер Ғ.Валиевке алғысхат табыс етіп, үстіне шапан жапты.
- Бүгін жастарға үлгі болып жүрген ағамыздың туған күні. Келіп жеткен 70 жасыңыз құтты, берекелі болсын. Әр уақытта қандайсыз, әрқашан сондай жадыраңқы, жайдарлы мінезіңізбен ортамызда ұзақ өмір сүріңіз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға бақ-береке тілеймін. Құдай қосқан қосағыңызбен бірге қартайып, әлі де ұзақ өмір сүріңіз. Елдің жақсылығын көріңіз. Осы халықтың атынан, әріптестерімнің және аудан тұрғындарының атынан шын жүректен құттықтап, сізге шынайы алғысхатты беруге рұқсат етіңіз, - деді аудан әкімі Н.Қадырбайұлы. Өз кезегінде Ғинаят атамыз ризашылық сезімін өлең жолдарымен білдіріп, игі тілегін жеткізді.
Жаннұр Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz