10.12.2024, 20:00
Оқылды: 134

Жаңақала ауданы әкімінің кездесуі ауылдық округтерде жалғасын тапты 

Бүгін Жаңақала ауданы әкімі Алпамыс Көшкінбаев Қызылоба, Бірлік, Пятимар ауылдық округтеріне ат басын тіреді. Жиынға бөлім басшылары, жеке кәсіпкерлер, ауылдың көрегенді қариялары мен ізетті жастары қатысты.

image-10-12-24-07-21-3

Есептік кездесуде аудан басшысы биыл атқарылған келелі істерді атап өтіп, қазіргі таңда белең алған мәселенің бірі – интернет алаяқтыққа тоқталса, ауыл әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

image-10-12-24-07-21-1

Кездесу барысында округ жұрты сауалдарын, ұсыныс-пікірлері мен сын-ескертпелерін ортаға салды. Айта кетсек, жол белгілерінің орналасуы мен жайылым жөнінде, сондай-ақ, белгіленген орыннан тыс төгілген қоқыстар мен білікті дәрігерлердің керек екенін де жеткізді. Тұрғындардың біразы спорт саласына көңіл бөлу керектігін айтып, спорт кешенін ашу жөнінде және жастардың жұмыссыздығы жайлы өз ойларымен бөлісті.

image-10-12-24-07-21-2

Сонымен қатар, «Қызылоба ауылына Өрт сөндіру бекеті керек» деп өтініш білдіргендер де болды. Тұрғын үй мәселесі де назардан тыс қалмады. Алпамыс Жаңабайұлы әртүрлі көлемдегі мәселелерден де айналып өтпей, шешімін табатын сұрақтарды назарға алды. Қойылған сауалдардың барлығына заң аясында жауап алынғаннан кейін, ауыл тұрғындары қабылдауға жазылып, жеке мәселелері жөнінде баяндады. Басқосу еркін пікір алмасу түрінде өтті. Әрине, ауыл-аймақ болған соң, мәселе де болады. Дегенмен, жұртшылықтың жұдырықтай жұмылуы береке мен татулықтың көрінісі іспеттес.

Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале