Бүгін Отбасы күніне орай облыстық Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырып жатырған “Оқырман отбасы - 2025” байқауында бақ сынасқан жаңажолдық Арыстанғаливтер жанұясы жүлделі І орынға ие болды.

Бұл отбасы өзара сыйластық пен бірліктің,тәрбиелі ұрпақ өсірудің жарқын үлгісі. Сонымен қатар бұл жанұя Мұқағали, Қадыр шығармаларын ерекше сүйіп оқиды және қоғамдық, мәдени шараларға белсене қатынасып отырады. Марапат төрінен орын алған Арыстанғалиевтер отбасын жеңістерімен құттықтаймыз.
Аруғаным Қазиева,
Жаңақала ауданы