19.08.2024, 10:00
Оқылды: 146

Жаңақала ауданында Спорт күні аталып өтті

Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, «Жастар» спорт клубының ұйымдастыруымен V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын насихаттау мақсатында және Қазақстан Республикасының спорт күніне орай арқан тартыстан ерлер мен әйелдер арасында Жаңақала ауданының чемпионаты өтті.

4F205D88-DBF7-4180-88F9-734E9E216D55

Тартысты додаға 7 әйелдер командасы және 9 ерлер командасы қатысты. Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін, аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев сөз сөйлеп, барша қатысушы командаға сәттілік тіледі.

6CB15C5C-EDAA-4806-B7EA-4E7DCAE1037C

Әрі қарай жарысты жеребе бойынша әйелдер тобы бастап, салмақ дәрежелерін есепке ала отырып, бақ сынасты. Нәтижесінде үшінші орынның биігінен аудандық аурухана көрінсе, орталықтандырылған сауықтыру мекемесі екінші орынды қанжығасына байлады. Қосымша білім беру педагогтары бірінші орынды жеңіп алды.

9955483F-412D-448B-B6BB-DD8A175D20AC

Ал ерлер арасындағы дүрбелең тартыс бойынша балалар және жасөспірімдер спорт мектебі бірінші орынды иеленсе, екінші орын спорт кешеніне бұйырды. Жаңақала колледжі үшінші орынды місе тұтты. Барша жеңімпаз командалар ақшалай сыйлықпен марапатталды.

F72EEF10-7DF0-41C3-BB66-A5861AEC8B24

Жарыстан кейін Спорт күніне орай аудан спортшыларын салтанатты түрде марапаттау үшін мерекелік концерт өтті. Күні бүгінге дейін аудан мерейін асқақтатып, намысын қорғап жүрген спортшыларымызға алғысхаттар табыс етілді.

Ақерке Ғилымхан

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале