29.03.2025, 17:00
Оқылды: 79

Жаңақала ауданы бойыншы сенбілік жұмысы жүргізілді

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші қоршаған ортаның тазалығына қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы жылдын 21 наурыз - 10 мамыр аралыгында Жаңақала ауданы бойынша санитарлық-экологиялық айлығы болып жарияланды.

image-29-03-25-11-03-1

Тазалықты жанына серік еткен бүгін аудан мекеме қызметкерлері санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың айлығына сәйкес сенбілік шарасына белсене араласты.

image-29-03-25-11-03
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым өз мекемелерінің алдына тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Қай кезде де болмасын, ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау – адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі. Тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары баршамызға ортақ.

image-29-03-25-11-03-4

Әр сенбілікке тұрғындар ерікті түрде қатысып, білек сыбанып жұмыс істеуі керек. Өйткені игілікті іс жұмыла кіріскенде ғана нәтижелі болады.
Алдағы уақытта да санитарлық тазалық жұмыстары жалғасын табатын болады.

Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале