Жаңақала ауылының Мұқыр елді мекенінде орналасқан Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып бітіруші 11 түлектің ата- анасы ҰБТ- дан жоғары балл алған түлекке 110 000 теңгелік сертификат беру ұсынысын жасаған екен.

Сол ұсыныс іске асырылып, 110 балл жинаған мектеп түлегі "Алтын белгі" иегері Ернұр Құмарғалиға сертификат табыс етілді. Құмды ауылда орналасқан шағын мектепте орын алған тың бастама оқушыларға ерекше әсер еткені сөзсіз. Білімге ұмтылған еңбегін халық бағалаған жас түрекке сәттілік тілейміз.
Рая Жұмағалиева,
Жаңақала ауданы