Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңестің күн тәртібіне жылыту маусымына және жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қойылды.

Жиынға аудан әкімінің қос орынбасары, бөлім мен мекеме басшылары қатысты. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және аутомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жанғали Мұратов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық аурухана директоры Дәурен Кукенов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Данял Танзенов жылыту маусымына дайындық барысы жөнінде есеп берді.
Бүгінде аудан бойынша 98 жылыту қазандығы жұмыс істейді. Оның 92-сі газбен, 4-еуі дизель отынымен, ал 2-еуі электр қуатымен жылытылатын жүйеге қосылған. Қазандықтардың 42-сі білім беру, 29-ы мәдениет, 38-і денсаулық сақтау нысандарына тиесілі.
Баяндамашылардың айтуынша, кейбір нысандарда шешімін таппаған мәселелер бар. Атап айтқанда, Мәстексай ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулаторияда жылу жеткіліксіздігі байқалады. Сондай-ақ, Бірлік ауылындағы мектеп пен балабақша ғимараттарының қыста салқындайтыны айтылды. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беруге дейін жылу жүйесін қысыммен тексеру (опрессовка) жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Сонымен қатар барлық жылыту қазандықтарын автоматтандыру, Көпжасар ауылындағы Д.Нұрпейісова мектебі ауласындағы трансформаторды сыртқа шығару мәселелері де назардан тыс қалмады.
Кеңесте жаңа оқу жылына дайындық жайы да кеңінен сөз болды. Данял Жұпмағанбетұлы жаңа оқу жылына жоспарланған жұмыстар туралы баяндап, мектептер мен балабақшалардың дайындығына тоқталды. Сонымен қатар қосымша түлектер үшін бос жұмыс орындарын ұйымдастыру, мал санағын жандандыру, сондай-ақ "AuylFest – 2025" қой шаруашылығы көрмесіне аудан атынан қатысуға дайындық барысы қозғалды.

Кеңес қорытындысында Алпамыс Жаңабайұлы жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, әрбір мәселе мерзімінде атқарылуын талап етті.
Сыйлыхан Талапұлы,
Жаңақала ауданы