Жаңақала ауданы, Пятимар ауылдық округінде мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің бас консультанты Асқар Құмарбай, "AMANAT" партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиұлы, "AMANAT" партиясы БҚО филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Гаухар Шайхиниязова, Жаңақала аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Серікұлы және Пятимар ауылдық округінің әкімі Бауыржан Рамазанов болды.
Кездесу барысында ауылдағы балабақшаны жөндеуден өткізіп, сыйымдылығын ұлғайту, Борық елді-мекенінің көпірін жөндеу, Борық, Плантация елді-мекендеріне ауыз су тарту мәселесі, ауылды абаттандыру, lll топтағы мүгедектігі бар ауыл тұрғынын жұмысқа орналастыру, жалақыны уақытылы алу, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту секілді мәселелер көтерілді.
Барлық көтерілген сұрақтарға ауыл әкімімен ақылдаса отырып, заңнамалық тұрғыдан жауап берілді.
Зара Жардемова,
Жаңақала ауданы