Аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың тұрғындармен ашық алаңда кездесулері жалғасып жатыр.
Кеше кешкісін аудан басшысы С.Бабажанов, И.Мендіханов, Ж.Ілиясов кешесі, Х.Доспанова, Астана, А.Жантөрин, К.Мендалиев кешесі А.Оразбаева көшелерінің және аудан орталығында жаңадан салынған 40 үйдің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Тұрғындардың басым көпшілігі кездесуде ауылға асфальт салу, жарықтандыру, абаттандыруға қатысты, жол қыру, мал жаю, көпқабатты үйлерлердің жертөлесін жөндеу сынды мәселелерді аудан әкіміне жеткізді.
zhaikpress.kz