4.07.2024, 15:01
Оқылды: 67

Жаңақала ауданына қарасты Сарыкөл ауылында спорт алаңы ашылды

Бүгін Сарыкөл ауылында шағын футбол алаңының ашылу салтанаты өтті. Оған аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, орынбасары Руслан Ғұмар, аудандық мәслихат депутаты Қамбар Қаменов, «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қуаныш Шарафуддин мен ауыл тұрғындары қатысты.

76CCF602-8936-4843-96B4-FBC9688A8860

800 шаршы метрді құрайтын нысанға 15 миллион теңге қаражат жұмсалған. Ақ жаулықты аналар шашу шашып, келіндер ата салтымызға сай ағы мен нанын ұсынған шараның алғашқы сөз тізгінін иемденген Алпамыс Жаңабайұлы тұрғындарды спорт алаңының ашылуымен құттықтап, құрылыс жұмысын атқарған «KHAN GROUP» ЖШС-нің басшысы Дәулетхан Сейілбекұлына алғысхат табыс етті.

495C2C66-6A12-4A2F-8C3D-D5EA92D01686

Одан соң жергілікті тұрғын Мәлік Темірбеков жерлестеріне айтулы күнде тілегін білдіріп, орайлы сәтте ауылішілік мәселелерді қозғап өтті.

B094090A-E8AE-4148-A7B4-FDAAE1D1F3D9

Салтанатты жиынның лента қию рәсімі Алпамыс Жаңабайұлы мен Мәлік Темірбековке ұсынылып, әрмен қарай Сарыкөл мен Жаңажол ауылы жастарының футболдан жолдастық кездесуіне ұласты.

Айзада Ақбасова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале