18.03.2025, 16:30
Оқылды: 218

Жаңақала ауданында аппараттық кеңес отырысы өтті

Жаңақала ауданы әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтің төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы өтті.

image-18-03-25-03-37-1

Оған  аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты. Жиында көктемгі әскерге шақырту, жұмыспен қамту саласы бойынша мәселелер қаралған болатын.

image-18-03-25-03-37-2

Сондай-ақ қоғамдық тұрақтылық, заң мен тәртіптің нығаюына қосқан үлестері үшін Жаңақала ауданының ақсақалдар кеңесі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтің алғысхатымен марапатталып, кеңес төрағасы Фазылғали Сапарға және аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевқа Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиевтың алғысхатын аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Хасенов табыстады.

image-18-03-25-03-37

Отырыста басқа да ағымдағы мәселелер талқыланып, қорытындыланды.

Сыйлыхан Жұмасалық,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале