Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында кезекті аппараттық жиын өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат және қоғамдық кеңес төрағалары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев төрағалық еткен жиынның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Дала өрттерінің алдын-алу және ауыл шаруашылық техникаларын техникалық бақылаудан өткізу және «Таза Қазақстан» акциясы мәселесі бойынша.
Алдымен бірінші мәселе бойынша №16 өрт сөндіру бекетінің бастығы Еркебұлан Нұғманов сөз алып, атқарылып жатқан жұмыстыр мен дала өртінің алдын алу жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар мал азығын дайындау үшін ауылшаруашылық техникаларының техникалық байқаудан өтуі жөнінде сөз болды.
Екінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абат Ишанов «Таза Қазақстан» акциясы аясында жоспарларымен бөлісті.
Жиында тағы басқа мәселелер көтеріліп, қатысушыларлың сұрақтары мен ұсыныстары хаттамалық тапсырмаларға енгізілді.
Сыйлыхан Талапұлы
Жаңақала ауданы