24.06.2025, 19:00
Оқылды: 162

Жаңақала ауданында "Ашық әкімдік" шарасы өтті 

Бүгін Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаев және аудан прокуроры Қанабіл Төремұратов тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. 
image-24-06-25-05-35-1
Қабылдауда ауыл тұрғындары тұрғын үймен қамту, ауыл ішіне еркін жүретін жылқы малы, тұрмыстық қалдықтардың уақытылы шығарылмауы, медициналық көмек, тұрақты жұмысқа орналасу және қоғамдық тәртіп сынды маңызды мәселелерді көтерді.
Алпамыс Жанабайұлы әрбір мәселені мұқият тыңдап, өз құзыреті аясында шешу жолдарын қарастыратынын жеткізсе, Қанабіл Мұратұлы көтерілген мәселелердің заң аясында қалай шешілетінін түсіндіріп, кеңес берді.
Тұрғындармен тікелей диалог орнатылған бұл қабылдау ел мен билік арасындағы байланысты нығайтып, мәселелерді жедел шешуге сеп болды.
Сыйлыхан Талапұлы,
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале