Бүгін аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың, Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы, аудандық ветеринариялық станциясы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары және аудан тұрғындарының қатысуымен ашық есік күні өтті.
«Ауыл аманаты» жобасы, инвест-субсидия, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы тағы да басқа мәселелер бойынша ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берілді.
Жалпы ашық есік күніне келген тұрғындар саны аз десек те болады. Айта өтейік, ай сайын аудан тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтары бойынша әр мекеме ашық есік күнін өткізіп отырады.
Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы