Жаңақала ауылдық округ әкімдерінің атқарылған жұмыстары туралы тоқсандық есептері баяндалды. Есептік жиынға аудан әкімі Дархан Закарин, мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Алдымен сөз алған ауылдық округ әкімі Ақан Қапанов тұрғындардың өтініш, ұсыныстары бойынша атқарылған жұмыстарына тоқталып, алдағы уақытта да бірлесе отырып қызмет етуге шақырды. Дархан Әмірханұлы аудан бойынша жұмыссыздық, тұрғын үй, ауылішілік, кірме жолдар құрылысының жәй-күйін айта келе, бұл мәселелердің күн тәртібінен түспейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының сауалдарына заң талаптарына сәйкес жауап беріп, ұсыныс, өтініштері бойынша бірқатар түйінді мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында тұрғындарды толғандырған ауыл тазалығы, такси тасымалын қадағалау, Жаңақала-Орал бағытына жүретін автобус билетінің сатылымын онлайн қызметке ауыстыру, жазғы маусымда шаң-тозаң көтерілуіне байланысты жолдарға су бүрку көлігін ұйымдастыру, кейбір көшелерге қоқыс жәшігін қою сынды бірнеше базыналар айтылды. Айтылған өтініштердің барлығына заң тұрғысында жауап берілді.
Зара Жәрдемова,
Жаңақала ауданы,
zhaikpress.kz