4.04.2025, 15:45
Оқылды: 261

Жаңақала ауданында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Жаңақала ауданы орталығындағы «Сәбен» шағынмаркетінің жанында ауылшаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті.  

IMG_6736

 Оған жергілікті, көршілес Көпжасар ауылының және  Орал қаласының  кәсіпкерлері өз өнімдерін әкеліп, тұрғындарғы тиімді  бағада ұсынды. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы қалың болып,  отандық өнімге, соның ішінде сүт өнімдеріне, нан тағамдарына, табиғи балдың түрлері мен әртүрлі жеміс ағаштарына қызығушылық танытты. Күн жылынып, көктем шуағы жер бетіне тараған сәттен бастап ауылымызда тал егу науқаны басталды. Осы орайда оралдық  кәсіпкер Ақмаржан Құлжанова да бұл жәрмеңкеден қалыс қалмай, отбасымен өз ауласына егіп, өсірген жеміс ағаштарын, декоративті ағаштар мен гүлдердің бірнеше түрін ұсынды. Жеміс ағаштарының көшеті  2500 теңгеден басталса, көпжылдық туя терегінің бағасы 10000 теңге. Сонымен қатар «Болашақ-С» АШК-нің қой еті 2200-2600 теңге аралығында, ерітілген май құны  4000 теңге, сары май  6000 теңге, табиғи бал 2000 теңгеден басталады. 1 жылға жуық нан өнімдеріне үйден тапсырыс қабылдап жүрген көпжасарлық Нұргүл Оспанқызы мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, кәсібін одан әрі кеңейткісі келетінін жасырмады. Бекжан Төлепов есімді жерлесіміз келісі 100 теңге тұратын Индер ауданынан әкелген малға арналған азықтық тұзды саттыққа шығарды.

IMG_6723

- Жәрмеңке өте жоғары деңгейде өтуде. Ұйымдастырушыларға өз алғысымды білдіремін. Себебі тұрғындарға қажетті өнімнің барлығы бар. Таңдап жүріп, талғамыңа сәйкесін табасың. Бағалары да көңілге қонымды. Бүгінгі жәрмеңкеде алма, алмұрт, қара өрік пен жүзім ағашының жоғарғы сортын сатып алдым. Жылда өтетін жәрмеңкеден қалыс қалмай, жеміс теректерін үнемі алып келемін. Халыққа пайдасы тиер осындай шаралар жиі өтіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді, - дейді ауыл тұрғыны Жанболат Бақтыгереев.

IMG_6739

Аудан басшысы Алпамыс Жаңабайұлы жәрмеңкені аралап, тауар сатушылармен тілдесіп, өнімдердің бағаларын барлады.  Кәсіпкердің де саудасы жүріп, халықтың да қажеті өтелді. Десек те «бүгінгі жәрмеңкедегі тауарлардың бағасы әдеттегі құнынан  да қымбатырақ» деп реніштерін білдірген тұрғындар да кездесті.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

IMG_6729 IMG_6726

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале