4.06.2025, 16:15
Оқылды: 105

Жаңақала ауданында биыл 4140 оқушы жазғы демалыс лагерімен қамтылмақ

 

Аудандық деңгейде Жаңақала мектеп-гимназиясының жатақханасында мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен «Күншуақ» маусымдық лагері өз жұмысын бастады. Барлығы 200 балдырған тіркелген болса, 4 кезеңде 50 баладан демалады.

91775ed7-45a6-496b-b49d-3dc48c43953e

Жуырда өткен ашылу салтанатында аталмыш білім ордасының педагогтары мен ұстаздары тәлімгер ретінде тағайындалып, оқушылармен таныстық жұмыстарын жүргізді. ҚР Гимні орындалып,  балдырғандар өз өнерлерін ортаға салды. Содан соң, топтарға бөлініп, ұрандатып, кешкі ас ішуге аттанды. Бүлдіршіндерге құшағын айқара ашқан жігерлі мамандар қайталанбас қызықтарға толы бағдарламалар әзірлеп, жүйелі жоспарларымен жұмысқа жалындай кірісті. Балалар смартфоннан көздерін тынықтырып, рухани әлемге аяқ басып, өзі сияқты балдырғандармен танысып қана қоймай, ой-өрістерін дамытуға жұмыстанады.

1cc7a729-1f64-49c3-977c-5f95778b5d6e

Сонымен қатар, Жас туристер станциясы «Саяхат» туристік алаңы лагерін ұйымдастыруда. Бұл демалыс орнында 120 бала қатысатын болса, 4 кезеңде (әр кезең 3 күннен) 30 оқушыдан қызықты уақыт өткізетін болады. Бұл демалыс түрі экскурия ретінде өткізіледі. Сондай-ақ, мектепішілік лагерьлер түске дейінгі шаралармен қамтылған.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

a3df40d1-8443-4178-9a97-27396229703d

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале