10.02.2025, 17:30
Оқылды: 402

Жаңақала ауданында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Бүгін Жаңақала аудандық жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыруымен «Жұмысшы» мамандықтар жылы аясында өткізіліп отырған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

cdb2ff88-b2a0-4769-b16d-2b355eaa051d

Шараға аудан әкімі орынбасары Руслан Қонысбайұлы, Мансап орталығының басшысы Аслан Уразалиев және мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.

64896488-3835-4c9b-9703-717ea3a2d292

Жәрмеңкеде 23 жұмыс берушіден 41 бос жұмыс орны ұсынылды. Жұмыссыздықты азайту мақсатында өткізілген шараға 70 жұмыссыз оның ішінде 28 әйел, 42 ер адам, 19 жастар қатысты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша 13 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасты, 3 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданды

Аруғаным Берікқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале