Жаңақала ауданында мемлекеттік архивтің ұйымдастыруымен «Архив құнды құжаттар қоймасы» атты экскурсия өтті.
Оған аудандағы колледж студенттері келіп архив құжаттары мен туған жердің тарихымен танысты.
Аталмыш мекеме директоры Гулбарам Хасанова ауданның тағдыры, дамуы өсіп өркендеуіне үлес қосқан ат салысып, маңдай терін төккен жерлес ақын-жазушылар мен абыройлы қызмет атқарған тұлғалардың естеліктерін көрсетті.
Әрі қарай студенттер мұрағат ішін аралап көрмемен танысты.
Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы