7.12.2024, 11:00
Оқылды: 65

Жаңақала ауданында еске алу турнирі өтті

Данагөй халқымыз «Ақынның хаты, жақсының аты өлмейді» дейді. Өзінің игі істерімен, ашық-жарқын мінезімен және ұлағатты ұстаз ретінде есімі ел есінде сақталған Асылбек Хамзаұлының бақилық болғанына он жыл толуына орай Жаңақала ауданында ерлер арасында ашық турнир өтті.

image-06-12-24-10-54-2

Аталмыш жарысқа Атырау қаласынан «BINOM», Ақсай қаласынан «Конденсат», Айдархан ауылдық округі, Бәйтерек ауданы, Казталов ауданы, «Сабен» минимаркеті, Жаңақала ауданының құрама командалары қатысты.

Шараға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Еслямғалиева және Асылбек Даулетқалиевтың отбасы мен дос-жарандары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Атырау қаласынан «BINOM» командасы қанжығаға байласа, жүлделі ІІ орынды Бәйтерек ауданы еншіледі. Ал lІІ орын ауданынымыздың құрама командасына бұйырды.
Жеңімпаздарға ақшалай және естелік сыйлықтар табысталды.

Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале