Алғыс айту күніне орай мекеме қызметкерлері арасында футзалдан аудандық жарыс өтті.
Жиынға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Нұрғалиқызы, «Жастар» спорт клубының директоры Жанболат Жасқайратұлы, Аманат партиясының мүшесі, қоғам белсендісі Алихан Декартұлы, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Даурен Құбайдоллаұлы қатысты. Сөз алған Ақнұрлы Еслямғалиева қатысушы командаларға сәттілік тілеп, мерекемен құттықтады. Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін, қатысушы командалар таныстырылды.
Көпжасар және Пятимар ауылдық округтері, Жаңақала мектеп-гимназиясының командасы, №3 жалпы орта білім беретін мектебі мен аудандық ветеринариялық станциясы, №16 өрт сөндіру бекеті, желілік-өндірістік басқармасы, полиция бөлімі, ЖРО командасы және балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командалары бақ сынасып, нәтижесінде БЖСМ командасы 3 орынға табан тіресе, Жаңақала мектеп-гимназиясы 2 орынға ие болады. Үнемі үздіктер қатарынан табылатын желілік-өндірістік басқармасы бұл жолы да бірінші орынның биігінен көрінді. Еліміздің мәртебесін көтеру жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша маман иелеріне жеңістерімен құттықтаймыз.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы