7.03.2025, 9:00
Оқылды: 354

Жаңақала ауданында іскер аналар форумы өтті

Жаңақала ауданы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады» атты апталығының «Еңбегі адал жас өрен» аясында кәсіби білім беру педагогы Камила Абайқызы Бисекешованың ұйымдастыруымен «Ана.Қоғам.Болашақ» тақырыбында іскер аналар форумы өткізілді. 
image-06-03-25-12-33-1
Форумға Жаңақала ауылының әр салада өз кәсібін дамытып, мамандығы бойынша халыққа қызмет көрсетіп жүрген іскер аналарымыз: Қ.Жантілеуов атындағы саз мектебінің қобыз сыныбының оқытушысы Гүлайым Құспанова, Жаңақала аудандық ауруханасының балалар дәрігері Шұға Утешова, №3 ЖОББМ биология пәнінің мұғалімі Аяжан Айтимова, Жаңақала аудандық экономика және қаржы бөлімінің есепші бас маманы Айжан Галиева, «Аруназ» жеке шаштараз орталығының иесі Әлия Қазанқапова, «Ақбота» жеке тігін шеберханасының иесі Жаңылсын Ғаділ қатысты.
image-06-03-25-12-33
Форум барысында кәсіпкер аналар өз кәсіптері мен мамандықтары туралы әңгімелеп, қызықтыда, маңызды  ақпараттарымен бөлісті. Қорытындысында Гүлайым «Ана туралы» әнді қобызда орындап, қонақкәдесін жасады. Іскер аналарымыздың  игі істері  - жастарға үлгі.
Рая Жұмағалиева,
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале