20.11.2024, 22:34
Оқылды: 24

Жаңақала ауданында Карманов мектебі күрделі жөндеуден өтті

Бүгін Жаңақала ауданы басшысы Алпамыс Жаңабайұлы Қырқопа ауылындағы жөндеу жұмыстары күні кеше аяқталған білім мекеніне ат басын тіреді. Іргетасы 1984 жылы қаланып, бұған дейін еш көңіл бөлінбеген мектептің жағдайы тым мүшкіл еді. Биыл сәуір айынан басталған күрделі жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылында аяқталып, 1 қыркүйек күні қолданысқа берілуі тиіс болатын. Алайда ауыл әкімдігі ғимаратында уақытша білім алып жүрген мектеп оқушылары бекітілген мерзімнен кешігіп, 2-тоқсанда бір-ақ орналасты.

e01ef2a6-aa4c-4fbc-984c-80666643e1da

Дегенмен әр істен қайыр күтетін халықпыз ғой. «Ештен кеш жақсы» деп, есік, терезесі тозып, қабырғасы құлайын деп тұрған ғимаратта да білім нәрімен сусындаған шәкірттер де, оларды сусындатқан ұстаздар да жарық, жылы, жаңа мектепке көшкендеріне дән риза. Болашағына бей-жай қарамай, оқуға ниетті балаға қазіргі заман талабына сай жабдықталған оқу ошағы алыстан көз тартып «мен мұндалайды». Мектеп басшысы Айгүл Әбілқайырқызы осынау игі іске атсалысқан аудан басшылығына ризашылығын білдіре келіп, ақпараттық технология қарыштаған дәуірде мектепті ғаламтор желісімен қамтамасыз етуді сұрады.

b558f8bf-9a03-4a41-a1c5-743ac50ce3e6

Мектеп ішімен жіті танысқан Алпамыс Жаңабайұлы акт залды орындықтар және сахналық киімдермен, ұлдар мен қыздардың киіну бөлмесін киім ілгіш сөрелермен, пән кабинеттерін арнайы жабдықтармен қамтамасыз етуге жыл соңына дейін жұмыстанатынын жеткізді.

1a44f710-7d5d-4077-baa7-b91a98e36cea

Сондай-ақ ол мұғалімдермен кездесу ұйымдастырып, ауыл ішіне спорт алаңы немесе ботаникалық бақ салуға ұсыныс тастады.

f4a95eb4-54cc-45aa-968c-ec8ee43fada1

Оны қаржыландыру үшін елімізде бірнеше қор бар екендігін тілге тиек етіп, ауыл халқының атынан өтініш жазып, іске асыруға болатынын айтып өтті. Сөз соңында ұлағатты ұстаздардан білім сапасын көтеріп, туған ауылдарын дамытуға шақырды.

Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале