Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар төрағалық еткен жиында БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел басқармасының басшысы Алмаз Джулаев, облыстық Жедал басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Қуаныш Төлегенов және дербес бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл шараларын түсіндіру бойынша Алмаз Темірболатұлы баяндама жасады.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг Агенттігі және біздің Департаменттің жұмыс барысы - қаржы пирамидалары қызметтерінің жолын кесу, көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, жүйелі проблемаларды шешу жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған шаралар жүргізіліде.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл мәселесі өзекті болып отыр және жүйелік проблемаға айналуда.
Департаментке облыс азаматтары тарапынан күмәнді қаржы ұйымдарына салынған ақша қаражаттарын қайтара алмауы фактілері бойынша арыздар-шағымдар көптеп келіп түсуде. Мұндай арыздарды қарау барысында бұл азаматтардың қаржы пирамидасының құрбаны болғаны анықталуда.
Жыл сайын мұндай фактілер бойынша қылмыстық істер тіркеліп, оның ұйымдастырушылары қаржы пирамидаларын құрғаны, оған басшылық еткені үшін, сонымен қатар қаржылық пирамиданы жарнамалап оның жарнамасы бойынша тіркелген адамдарға материалдық шығын келтірілгені үшін сотталуда.
Соңғы 2 жылда Департаментпен ҚР ҚК 217-бабы бойынша қаржы пирамидасын құрудың және оған басшылық етудің 11 фактісі тіркеліп, оның ішінде ұйымдастырушыларға қатысты 9 қылмыстық іс сотқа жолданды.
Әр жыл сайын ҚР ҚМА ресми парақшасында қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ, сот үкімі бойынша қаржылық пирамида болып танылған ұйымдардың кеңейтілген тізімі жарияланып отырады. Аталған тізімді Агенттігіміздің ресми сайтынан жүктеп ала аласыз.
Сонымен қатар, Республика азаматтары өз қаражатын инвестициялау кезінде белгілі бір компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоқтығын тексеру үшін Агенттікпен жасалған «Baiqa, piramida» Телеграмм боттарын пайдалана алады.
Телеграмм платформасында «Baiqa, piramida» ботына өзіңізге белгілі болған ұйым, жобаның атауын жазсаңыз қаржылық пирамида ұйымдарына жатқызылған немесе жатқызылмағанын біле аласыз.
Жиналыста қатысушылар өздерінің толғандыран сұрақтарын қойып, жауабын алды. Осындай жеке тұлғаның қаржылық сауаттылығын арттырған жиынға қатысушылар өз білген ақпаратын жақындары мен ұжымына айтып, кеңінен таратса, алдағы уақытта қаржылық пирамидаға алданатын тұрғындар болмайды деген ойдамыз.
Сыйлыхан Талапұлы,
Жаңақала ауданы