17.12.2024, 23:00
Оқылды: 14

Жаңақала ауданында кеңейтілген актив отырысы өтті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Аманат» партиясының кеңейтілген актив отырысы мен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында аудандық құқық қорғау органдарымен кездесу жиыны өтті.

image-17-12-24-08-55-1

Жиналысқа аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы, орынбасары Руслан Қонысбайұлы, аудандық «Аманат» партиясының хатшысы Қуаныш Шарафутдин және «Аманат» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев пен бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Алғы сөз Алпамыс Жаңабайұлына ұсынылғаннан кейін, аудандық партия филиалының 2024 жылғы атқарылған партиялық жұмыстарының есебі жөнінде партия филиалының төрағасы Қуаныш Серікұлы, «Ауыл аманаты» партиялық жобасының Жаңақала ауданында орындалуы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Светлана Сәрсенбайқызы баяндама жасады. Әрі қарай, Азамат Сафималиевке сөз беріліп, жыл бойына атқарылған істер мен облыс орталығындағы жиындар легіне тоқтала кетті. Содан кейін, Аманат партиясының облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ажар Алтынбайқызы 10 айлық жүргізілген жұмыстар бойынша жасалған сараптамамен таныстырды. Ұсыныстар мен сұрақтар талқыланғаннан кейін, актив отырысы қорытындыланып, құқық қорғау органдарымен кездесу жалғасын тапты. Кезекті жиынға «Аманат» партиясы БҚО филиалының партия бақылау инспекторы Нұрхат Жанбоз төрағалық етті.

image-17-12-24-08-55-2

Отырысқа аудан прокуроры Қанәбіл Төремұратов, аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлы, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Әлихан Ізбанов, аудандық білім бөлімінің басшысы Данял Танзенов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Гүлжан Насибуллина қатысты. Күн тәртібінде бектіліген мәселелерге сәйкес, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен адам құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар мен жастар және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, алкоголь өнімдерін сату бойынша, қоғамдық қауіпсіздік пен кәмелеттік жасқа толмағандар комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмысы, тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларды әлеуметтік қолдау туралы баяндамалар оқылып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале