Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мәслихат төрағасы Қамбар Қаменовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың ХХІІІ кезекті сессия отырысы болды. Сессияға аудан басшысы Алпамыс Көшкінбаев, аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Алғашқы баяндаманы жүргізген Алпамыс Жаңабайұлы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім, денсаулық, мәдениет және спорт салаларында атқарылған жұмыстардың есебін берді. Содан кейін әлеуметтік желіден қойылған сұрақтарға жауап беріп өтті. Келесі кезекте Мәстексай ауылдық округінің әкімі Ержан Тілепбергенов жыл ішіне жоспарланған бірқатар жұмыстардың орындалуы бойынша баяндамасын жүргізді. Әрі қарай Қырқопа ауылдық округінің әкімі Абзал Ахметов есеп берді. Сонымен қатар, “Қаладан ауылға” бағдарламасы бойынша 2 отбасының көшіп келгендігі және балабақша салу мәселесіне тоқталды.
Сессия барысында аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы “ Жаңақала ауданына қарасты ауылдық округтердің бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер енгізілгендігі айтылып өтті.
Күн тәртібінде қозғалған мәселелер шешімі, толығымен депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Фариза Эдикқызы,
Жаңақала ауданы