16.05.2024, 22:41
Оқылды: 65

Жаңақала ауданында кезекті қоғамдық кеңес отырысы өтті 

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңестің 11 мүшесінің 8-і қатысқан жиынды отырыс төрағасы Қуат Имашев жүргізіп, күн тәртібіндегі 9 мәселені хабарлады.

InShot_20240516_223814593

Мәстексай, Жаңақазан округтерінде атқарылған жұмыстарды ауыл әкімдері Ержан Тілепбергенов пен Сәкен Ғұбашев хабарласа, аудан бойынша мал ауруына қарсы екпелер жүргізу және иесіз бұралқы ит-мысықтарды аулап ұстау бағытында жасалған шараларға ветеринариялық станция басшысы Талғат Есполов тоқталды. Мансап орталығының жұмысын мекеме басшысы Аслан Уразалиев айтса, “Ауданның әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту” туралы 2023 жылғы 5 қазандағы #10-5 шешіміне өзгерістер енгізі туралы аудандық жумыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Гүлжиян Насибуллина баян етті. Ауданымыз бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің есебімен бөлім басшысының м.у.а, азаматтық қорғау аға лейтенанты Қайрат Мағзомов таныстырса, аудан аумағында ауыл шаруашылық жануарларын тасымалдау маршруттарын анықтау жөніндегі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Светлана Бекқалиеваның ұсынысы кеңес мүшелерінің тарапынан қолдау тапты. Талқыға түскен соңғы мәселелер: аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылғандығын тану мен аталмыш мекеменің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Алтынбек Шайхиев баяндады. Жиын қатысушылардың ұсыныс-пікірлерімен қорытындыланды.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале