11.06.2025, 15:15
Оқылды: 176

Жаңақала ауданында кітапханашылар байқауы өтті

Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен жас кітапханашылар арасында Қазақстанның көрнекті кітапхана қайраткері Роза Бердіғалиеваның туғанына 80 жылдығына арналған «Үздік жас кітапханашы–2025» аудандық байқауы өтті. Байқауға аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты кітапхананың 35 жасқа дейінгі жас кітапханашылары қатысты.

f50cac01-f155-46b2-932c-f4e2a40bd392 (1)

Шара визит карточкасы (таныстырылым), «Креатив» - кітапханалық жоба, «Интеллект және ойлау» блицтурнирі, «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» деп аталатын төрт кезеңнен тұрды.
​Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың кәсіби біліктіліктері мен шығармашылық жұмыстарын бағалап, үздіктерді анықтады.
​Бас жүлде Көпжасар ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Кәрима Дарханқызына бұйырса, І орынды ОКЖ библиографы Лунара Асылбекқызы жеңіп алды. ІІ орынға аудандық кітапхана кітапханашысы Саят Ермекқызы мен Мұқыр ауылдық кітапханасының Құралай Ғұбайдоллақызы лайық деп танылды. Ал ІІІ орынға аудандық кітапхана кітапханашысы Ақерке Әділбекқызы, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Салтанат Тұрарбекқызы және Бірлік ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Гүлбақыт Ғизатқызы жайғасса, Жаңажол ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Файиза Сұлтанбекқызы, Мәстексай ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Катима Сағатқызы және Плантация ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жазира Даниярқызы белсене қатысқандары үшін арнайы дипломмен марапатталды.

WhatsApp Image 2025-06-11 at 13.14.57
​Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхананың «Үздік жас кітапханашы-2025» облыстық байқауына жолдама алған Кәрима Даулетяроваға сәттілік тілейміз.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале