28.02.2025, 23:00
Оқылды: 145

Жаңақала ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Руслан Оразалиевтің төрағалығымен қоғамдық кеңес отырысы өтті. Оған кеңес мүшелері, бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

image-28-02-25-08-27

Күн тәртібінде 8 мәселе талқыланды. Аудандық мәслихаттың 2024 жылы атқарылған жұмысы жөнінде мәслихат төрағасы Қамбар Қаменов, Бірлік ауылы әкімінің өткен жылдың жұмыс есебімен округ басшысы Ерболат Жақашев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылдың қорытындысы, сонымен қатар «Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 5 қазандағы №10-5 шешімге өзгеріс енгізу туралы аталмыш бөлімнің бас маманы Гүлжиян Насибуллина баян етті.
Аудан әкімінің «Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы №9 шешімге және аудан әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» 2014 жылғы 10 қыркүйектегі №232 қаулысына өзгерістер енгізу жөнінде аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маман-заңгері Айдана Рысқалиева, аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекітуді аудандық білім бөлімінің басшысы Данял Танзенов хабарлады.

Сегізінші мәселе бойынша, яғни елді мекендерде жұмысқа тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 2025 жылға бюджеттік кредит беру және біржолғы көтерме жәрдемақы беру туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінң бас маманы Мерей Ғапаров баяндама жасады.
Жиынға қатысушылар баяндамашылар тарапынан толғандырған сауалдарына жауап алды.

А.Жанұзаққызы
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале