9.08.2025, 12:00
Оқылды: 81

Жаңақала ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті

Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Руслан Ғұмардың қатысуымен қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
image-08-08-25-10-00
Оған 11 кеңес мүшесінің 8-і, бөлім мен мекеме басшылары қатысты. Ең алдымен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Руслан Уразалиев резервтегі Әлихан Декартұлын қоғамдық кеңес мүшесі ретінде сайлап, арнайы куәлік табыс етті. Кейін күн тәртібіндегі 5 мәселені хабарлады. Аудандық аурухананың басшысы Дәурен Кукенов, аудандық ветеринариялық стансасының басшысы Мейрамбек Қадырбеков, аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Ержан Мәкішев, аудандық мансап орталығы директорының м.у.а Анаргүл Аткешова және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Данял Танзенов өз салалары бойынша ағымдағы жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар легін баян етті. Сондай-ақ жиын барысында кеңес мүшелерінің тарапынан аудан көлемінде есірткі тұтынушылардан бөлек, есірткі сататындарды, шлемсіз мотоцикл тізгіндеген азаматтарды жауапқа тарту, мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие алған тұрғындардың жұмысына мониторинг жасау, Көпжасар ауылындағы Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББМ-нде жүргізіліп  жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына қоғамдық бақылау жасау  туралы т.с.с ұсыныстар ортаға салынды.
image-08-08-25-10-00-2
Руслан Қанатұлы сөз соңында отырыста қозғалған ұсыныс пен пікірлер хаттамаға толтырылып, алдағы уақытта бақылауда ұстайтынын жеткізді.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале