13.08.2025, 18:00
Оқылды: 249

Жаңақала ауданында мал азығы талқыланды

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібінде негізгі екі мәселе – жер қатынастары және қысқы мал азығын дайындау барысы талқыланды. Кеңес жұмысына аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар, бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
image-12-08-25-01-30-2
Алғашқы мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Есен Бекболатов баяндама жасап, мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер жайы, оларды тиімді пайдалану мәселелері айтылды.
image-12-08-25-01-30
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Светлана Бекқалиева екінші мәселе аясында баяндама жасап, ауылдардағы дайындық деңгейіне тоқталды. Ауылдық округ әкімдері өз округтері бойынша нақты ақпарат берді. Қызылоба ауылдық округінен шөптің өзге аудандарға шығарылғаны анықталған. Осыған байланысты алдымен аудан ішіндегі сұранысты қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Аудандық полиция бөлімінің орынбасары Алихан Ізбанов шөп таситын көліктердің құжаттарының заңдылығы, тексеру жұмыстары туралы ақпарат берді. Ал аудандық статистика бөлімінің басшысы Бақытжан Митанов мал санағы барысына тоқталды. Кеңесте сондай-ақ "Мектепке жол" акциясы аясында аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету, балаларды мектепке дайындау мәселесі де көтерілді. Жиында айтылған барлық тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, орындалуы бақылауға алынады.
Сыйлыхан Талапұлы, 
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале