20.06.2024, 17:45
Оқылды: 65

Жаңақала ауданында мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Бүгін мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Жаңақала аудандық туризм орталығында салтанатты жиын өтті.

Оған аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, орынбасарлары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырғали Жаимов, бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

8351B016-FAEA-4611-A993-68F2FC9C2887

Алпамыс Жаңабайұлы мен Қайырғали Үмбетқалиұлы сала иелерін кәсіби мерекемен құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Сонымен қатар еңбегі еленген бірқатар мемлекеттік қызметшілерді құрмет төріне шығарып, БҚО мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағы төрағасының құрмет грамотасымен, аудан әкімінің алғысхатымен және облыстық «Qazaqsha quiz» зияткерлік сайысының финалисттерін марапаттады.  

Сондай-ақ шарада ҚР Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №532 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің ант беру қағидасына сәйкес, алғаш мемлекеттік қызметке қабылданған бір топ жас маман мінберге шығып, ант беру рәсімін жасады.

C5AD7364-E9F2-415F-A0E4-CAE0EC4A4D44

Салтанатты жиын аудандық жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың ұйымдастыруымен мереке иелеріне арналған «Qazaqsha quiz» сайысына ұласты. Мемлекеттік қызметшілер арасында алғаш өткізілген аудандық ақыл-ой додасы қызықты да тартысты өтті.

Сайысқа қатысушылар алты топқа бөлініп, өздерін мемлекеттік қызметші ретінде ғана емес, ақыл-ой ұшқырлықтарымен де көрсете білді.

Мәселен, «Үш сөз», «Жауап бер», «Тұлғаны таны», «Кино көрем» бөлімдерінде «Дауылпаз», «Олимп» құрамасы басымдықпен көш бастап келе жатса, соңғы «Бәс» бөлімінде өзге командалар алға шығып, жарыс нәтижесінде ұпай санымен төменде тұрған «Қыран» тобы І орынның биігінен көрінді.

4501B124-6376-46EE-88C4-A992966B2163

«Mood» командасы ІІ орынға, «Дауылпаз» тобы ІІІ орынға табан тіреп, «Олимп» құрамасы IV, «Алаш» құрамасы V, «Ақсұңқар» командасы VI орынға ие болды.  

Жарыс соңында аудан әкімі аппаратының басшысы Айдар Қаресов барлық қатысушыларға естелік сыйлық пен алғысхат үлестіріп, жүзден жүйрік шыққан «Қыран» тобына арнайы кубок табыстады.

Айзада Ақбасова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале