24.10.2025, 17:00
Оқылды: 176

Жаңақала ауданында мерекелік шара өтті

Республика күні және ауылшаруашылық қызметкерлері күніне орай Жаңақала ауданында «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты мерекелік шара өтті.
image-24-10-25-01-55 (1)
ҚР Гимні орындалғаннан кейін, алғысөз аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлына беріліп, абыройымызды асқақтатар айтулы мерекемен құттықтады. Содан соң, ауданымыздың ауылшаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген шаруа қожалық иелері мен жәрдемшілеріне Батыс Қазақстан облысы әкімінің және аудан басшысының атынан алғысхат, сондай-ақ, БҚО ауыл шаруашылығы басқарма басшысы Жасұлан Халиуллиннің атынан мақтау грамоталары мен төсбелгілер табысталды. Әрі қарай, Жаңақала аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары халықтық фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен жанды дауыста ән шырқап, күмбірлетіп күй төгіп, көрермен қошеметіне бөленді.
image-24-10-25-01-55-3 (1)
Түрлі байқауларда жүлделі орын алып жүрген жезтаңдай әншілер  әуезді сазымен таңдай қақтырып, жиналған жұртшылық таңданысын жасырмады. Әсіресе, Ақерке Сақының орындауындағы «Осенний джаз» әні көпшілік қауымның көңілінен шықты. Иә, абыздармен аңыз болған Жаңақала елі ән мен күйдің бесігі. Бүгінгі күн соның тағы бір дәлелі. Мерекелік кеш соңында Махамбет Нұрахметұлының орындауында «Туған жер» әні шырқалды.
image-24-10-25-01-55-1
Талантты жастардың өнері мен шабыты тоғысатын рухани мереке осылай өз мәресіне жетті. Айта кетейік, марапаттау барысында шаруа қожалық иелерінің бірі  көмекшілеріне баспана сыйласа, енді бірі қомақты сомада ақшалай сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, жылқы малын сыйға тартқандар да ортадан табылды. Жер ананың ырысын арттырып, елдің әл-ауқатын көтеруге еңбек сіңіріп жүрген жомарт жандарды марапаттарымен құттықтаймыз.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале