20.03.2025, 15:15
Оқылды: 105

Жаңақала ауданында өнегелі кеш өтті

Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығында «Әжелер алқасы» және «Аналар кеңесі» мүшелерінің ұйымдастыруымен «Енеге құрмет, келінге міндет» атты өнегелік кеш өтті. 

image-20-03-25-12-00 (1)

Отбасы бірлігін сақтау мен саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында оздырылған шараның шымылдығын қиын-қыстау уақытта ешкімнің көмегінсіз ұрпақтарын жетілдіріп, өмірден өткен зайыбының отын өшірмей, шаңғы спортынан елге танылған Мақтым Хамзина ашып, меркемен құттықтай отыра, ізгі лебізін білдірді.

image-20-03-25-12-00-4 (1)

Әрі қарай, «Сымбат» би ансамбілінің жетекшісі Венера Каменова мен қызының орындауындағы «Ана мен қыз» әні шырқалып, тыңдармандар шапалағын аямады. Содан соң, Аналар кеңесінің төрайымы Ақмарал Сапароваға сөз беріліп, шараның басты мақсатын түсіндіріп, жиналған қонақтарды таныстыра кетті. Ауданның жан-жағынан жиналған енелі-келіндер кезек-кезек өз өнерлерін ортаға салып, тұрмыстық өмірдегі қызықты шақтарын еске алып, өткені мен бүгінін салыстырып, ара-қатынастарын көркемдейтін кеңестер туралы сөз өрбітті. 

image-20-03-25-12-00-5 (1)

Тіпті кейбір келіндер арасынан «табалдырық аттағалы енемнің «ауырдым» дегенін естіген емеспін. Сондықтан болар, шамамыз келсе, сергек жүруге тырысамыз» деген шын ықыласты ризашылықтары да айтылды. Ардагер журналист Закария Сисенғали да жиын қонақтары қатарынан табылып, кештен алған әсерімен бөлісті. Әрі қарай, күні кеше мерейлі 15 жылдықтарын атап өткен халықтық «Айзере» әжелер ансамблі мен жетекшісі Найля Есқалиқызы ән шырқап, көрермендердің жүрегінен жол тапты. Содан соң, ардагер ұстаз, аудандық медитация бөлімінің басшысы Рая Қайратқызы өсиетін айтып, алдағы уақытта да бұндай жиындар жиі болатынын ескертті. 

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале