Бүгін Жаңақала ауданында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің Қазақстаным» атты салтанатты шара өтті.
Оған мемлекеттік мекеме басшылары, қызметкерлері қатысты. Мемлекетіміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін рәміздер күнінде аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев көк туымызды көкке көтеріп, мерекемен құттықтап, рәміздеріміз мақтанышымызға айнала берсін деген тілегін білдірді.
Жиында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің «Рәміздер елдің бойтұмары» атты кітап көрмеге шолу жасап, Қуанышбек Айдарбеков «Көк тудың желбірегені» әнін тарту етті.
Егемен еліміздің еркіндігін айқындайтын рәміздерімізді құрметтеу әрбір қазақстандықтың парызы.
Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы