13.03.2025, 11:00
Оқылды: 305

Жаңақала ауданында “Раушан гүлі” атты драмалық қойылымының премьерасы өтті

Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен қазақ журналистикасында өзіндік өрнегімен дара жол салған талантты жазушы Баққожа Мұқайдың “Раушан гүлі” атты драмалық қойылымының премьерасы өтті. 
image-13-03-25-10-08-1
Сәуле Абаева рөліндегі Анита Қанатова мен Сайран Оразов кейпіндегі Қырымбек Тұрақбаев кейіпкерлердің өз бейнесін ерекше сомдауы, өз-өздерін сахнада еркін ұстауы халық көңілінен шығып, ұйып қарады.
image-13-03-25-10-08
Эмоциялық шеберлікпен сюжеттік үйлесім тауып, жүрекке жол тартты. Қойылымға ерекше көрік берген безендірулер, көрініске сай түрлі образдар сахна сыртында аянбай тер төккен жандардың жемісі. Жиналған көрермендер күлді, қуанды, жылады, тебіренді. Бір сөзбен айтқанда, туынды көптің көңілінен шықты.
image-13-03-25-10-08-3
Електен өткен дүниедей шығарма ширатылған сәтте тыңдарман жүрегінен жол тапты. Көрермендер тарапынан, алдағы уақытта лирикалық, романтикалық қойылымдар болса деген лебіздер де болды.  Баққожа Сейдінұлының қыл қаламынан төгілген ерекше туынды өмір өрнектерін көркем баурады. Премьера соңында мәдениет үйінің басшысы Мұхит Сисенов өнерсүйер қауымға ұжым атынан ризашылығын білдіріп, әріптестеріне рахметін айтты.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале