27.02.2025, 9:00
Оқылды: 275

Жаңақала ауданында сарыкөлдіктер «Алғыс айту» күнін атап өтті

Кеше Сарыкөл ауылында 1 наурыз – «Алғыс айту» күніне арналған «Рақмет саған, Қазақстан!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

image-26-02-25-09-38

Аталмыш шараға Жаңақала аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ақмарал Аманқызы, Жаңажол ауылдық округінің әкімі Айбек Миразатұлы, Мастексай, Көпжасар ауылы аналар кеңесінің төрайымдары Жадыра Мұхташқызы, Құралай Сабырқызы арнайы келіп, мерекелік кештің құрметті қонағы болып, құттықтауларын жеткізді. Үш тілде өрбіген шараны Абай ЖОББМ-нің пән мұғалімдері жүргізді.

image-26-02-25-09-38-5

Алдымен ауылдың Отаровтар, Ибатуллиндер, Темірбековтер отбасының екі жанұясы өзбек, түрік, орыс, татар ұлты болып өздерін таныстырып, қазақ халқына алғыс айтты. Содан соң ұлттар өз өнерлерін көрсетіп, қонақтарға ұлттық тағамдарынан дәм ұсынды. Одан әрі Қ.Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебі домбыра сыныбының оқытушысы Темірлан Сыралиев шәкірттерімен күймен көркемдесе, ауыл мұғалімдері де әнімен шашу шашты.

image-26-02-25-09-38-3
Өз кезегінде ауыл әкімі Айбек Ишанов ауыл халқына ризашылығын білдіріп, мерекелік шараның көркін кіргізген жанұяларға алғысхат пен естелік сыйлық табыстады. Ақмарал Сапарова да сөз алып шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

image-26-02-25-09-38-1

Қонақтарды қарсылап, мектебімен таныстырған және шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Абай ЖОББМ-нің директоры Жазира Молдағалиқызына ауыл әкімі алғысхат ұсынып, ауыл халқы мерекелік көңіл күйде естелік суретке түсіп тарқасты.

image-26-02-25-09-38-6

Сыйлыхан Жұмасалық,
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале