24.02.2021, 19:39
Оқылды: 17

Жаңақала ауданында табиғи газдан уланған 14 адам ауруханаға жеткізілді

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 24 ақпан күні Жаңақала ауданы орталығы Жаңақала ауылында болды.

20181205145127
Сағат 03.40-та Бірлік көшесі 7-мекенжайынан 9 адам жедел жәрдеммен Жаңақала аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың бесеуі – балалар. Олардың біреуі үш және екі жаста, екеуі бір жаста, сондай-ақ жаңа туған сәби де бар.

Сондай-ақ сағат 05.40-та Бірлік көшесі 23-мекенжайынан 5 адам ауруханаға апарылды. Олардың төртеуі – 9, 7, 3 жасар балалар. Біреуі 1 жасқа толмаған.

Бәрі де жеңіл дәрежеде газбен уланған болып шықты. Кезекші дәрігер қарағаннан кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале