Warning: session_start(): open(/tmp/sess_3s6oe6944qae2nr7beip5f5svb, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Жаңақала ауданында “Татулығы жарасқан - берекелі Қазақстан” атты мерекелік концерт өтті - официальные новости ЗКО
2.05.2025, 9:00
Оқылды: 306

Жаңақала ауданында “Татулығы жарасқан - берекелі Қазақстан” атты мерекелік концерт өтті

Жаңақала ауданында 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай “Татулығы жарасқан - берекелі Қазақстан” атты мерекелік концерт өтті.
image-02-05-25-12-17
Ашық аспан астында өткен шараға жиналған халықтың қарасы қалың болды. Сондай-ақ, ұлт пен ұлыс өкілдерінің төл туындылары шырқалып, ұлттық билері де орындалды. “Шабыт” би ансамблі кәріс ұлтының биін билеп, жиналғандардың назарын таңдандырды. Иә, бұл көпжасарлық жас өрендердің жетекшісі Жансая Сайранқызы да өз өнерін көрсетіп, сахна төріне татар ұлтының биімен көптің қошеметіне бөленді. Әрі қарай, “Біз біргеміз”, “Ағайынбыз бәріміз”, “Татулығымыз жарасқан” сынды бірлік пен ынтымақтастықты ұлықтайтын әндер шырқалып, күмбірлете күй төккен домбырашылар да ортадан табылды.  Көрермендер шапалағын аямай, өнер иелерін демеп отырды. Осылайша, дәстүрлі мерекемізді тойлау өз мәресіне жетті.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы 
image-02-05-25-12-17-3 image-02-05-25-12-17-1 image-02-05-25-12-17-2
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале