22.03.2025, 17:45
Оқылды: 48

Жаңақала ауданында халық Наурыз мейрамын тойлады

Бүгін Достық алаңында Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күніне орай «Әз-Наурыз» халық серуені мерекелік концерті өтті.  
image-22-03-25-02-41-1
image-22-03-25-02-41-4
image-22-03-25-02-41-8
Алаңда тігілген  киіз үйлер мен буы бұрқыраған ыстық бауырсақ, дәмі тіл үйіретін наурыз көже жиынның сәнін келтірді.  Жарапазан айтқан жастар  мен мың бұрала билеген бишілер, күмбірлете күй тартқан домбырашылар,  әншілер де сахна төрінен табылды.  Ата мұрамызды насихаттаған жас өнерпаздар поэзиядан шашу шашты.
Ұлық мерекені халықпен бірге тойлауға келген аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы  құттықтап, аудан жұртшылығына ыстық ықыласын білдірді.  Қыдыр атаның батасын алған бүлдіршіндер базарлыққа кенелді. Шара барысында спорттық ойындар да ойнатылды.
Ақерке Ғилымхан,
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале