Бүгін Жаңақала ауданында жиын өтті. Барша жиынға қатысушыларға Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Азамат Сәтбаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығына сәйкес аудан прокуроры болып тағайындалған Төремұратов Қанәбілді жаңа лауазымымен таныстырып, еңбек жолын айта кетті.
Сондай-ақ, прокуратура органдарындағы өзгерістер туралы да сөз қозғады. Басқосу барысында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев сөз сөйлеп, аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитовқа алғысхат табыс етіп, әріптестері атынан жаңа ортадағы жаңа жұмысына сәттілік тіледі.
Ақерке Мәлікқызы
Жаңақала ауданы