Бүгін Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылдық округі мен Жуалыой елді-мекенінде АЭС бойынша түсіндірме жұмысы ұйымдастырылды. Кездесу барысында халықтық штаб мүшелері Қайырғали Үмбетәліұлы және аудандық мәслихат депутаты Марс Жұмалиев атом энергетикасының маңызы мен тиімділігі туралы ауыл тұрғындарына мағлұмат берді.
Басқосу сұрақ-жауаппен жалғасып, көпшіліктің өзекті деп таныған сауалдарына жауаптар берілді. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі атом электр стансаларын пайдаланудың көп жылғы тәжірибесі олардың адаммен табиғатқа зиянын тигізбейтінін расталғанын тілге тиек етіп, соңғы үлгідегі реакторлардың қауіпсіздігіне тоқтала өтті.
Штаб мүшелері ұрпақ болашағы үшін қабылданатын нақты қадамға, әрқайсымыздың жасаған таңдауымыз маңызды екенін басты назарға ала отырып, 6 қазанда өтетін Республикалық референдумға қатысуға шақырды.
Фариза Махамбетова,
Жаңақала ауданы