7.03.2025, 15:45
Оқылды: 537

Жаңақала ауданының әкімі тұрғындардың мәселелерін тыңдады

Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаев Жаңақазан ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды. Сапар мақсаты тұрғындардың мәселелерін тыңдау, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріу, жергілікті тұрғындармен байланыс орнату, ауыл шаруашылығын дамыту болды.

image-07-03-25-01-57-3

Жұмысын мәдениет үйінде ауыл тұрғындарын жеке қабылдаудан бастаған аудан басшысына бес тұрғын жұмыссыздық мәселесі бойынша жолықса, бір тұрғын мүгедек ағасының жағдайы үшін көмек сұрады. Ауылдық округтің бірқатар әлеуметтік нысандарын аралап көрген Алпамыс Жаңабайұлы  алдағы уақытта ауылда тұрғын үй салуды жалғастыру, ауылға техникалық су тарту, абаттандыру жұмыстары, Жуалыой ауылындағы Х.Нұрымғалиев мектеп оқушыларының санын көбейту, апатты жағдайдағы мәдениет үйінің мәселесі, жаңа жұмыс орындарын ашу, шаруа қожалықтарының жерді тиімді игеруі т.б күн тәртібінен түспейтін мәселелер бойынша жұмыстардың шешу жолдары қарастырылды.

image-07-03-25-01-57-1

Аудан әкімінің жұмыс сапары Жаңажол ауылдық округінде жалғасты. Жеке қабылдауында ауыл тұрғындары балабақша ашу, мектеп директорын тұрақты тағайындау, кірме жолға қатқыл табанды жол салу, күрес залын ашу, шаруа қожалықтың жерін заңды пайдалану, бордақылау алаңына электр жарығын тарту, жеке тұрғын үйге кезекке тұру заңдылығы  бойынша мәселелер көтерсе, аудан әкімі ауылға кооператив ашу, интернет жылдамдығы, салынатын үй құрылысы туралы мәселелерді ауылдық округі әкімі Айбек Ишановпен бірге талқылады.

image-07-03-25-01-57

Жаңажол, Кіші Айдархан, Сарыкөл ауылдарының барлық әлеуметтік нысандарының жәй-күйімен танысып, кемшіліктерді жоюға бірқатар тапсырмалар беріп, сонымен қатар апатты жағдайдағы Сарыкөл ауылдық клубының күн тәртібінен түспейтінін жеткізді.

Алпамыс Көшкінбаевтың үшінші жұмыс сапары Мәстексай ауылдық округі болды. Алдымен Жаңақала – Сайхын облыстық маңызы бар жолдың бойындағы «Сулы көл» тұсындағы су жүру құбырының жәй-күйін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиевпен, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мейірім Бақтыгереевпен, Мәстексай ауылдық округінің әкімі Ержан Тлепбергеновпен және ауыл депутаты Қоблан Мұхамбетовпен бірге барып көрді. Содан соң ауылдық мәдениет үйінде тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдау жүргізді. Жеке қабылдауда тұрғындар жұмыссыздық мәселесін қозғады. Ауылдық округтегі барлық әлеуметтік нысандарды аралап, алдағы уақытта ауылдың кірме жолы, Қараөзен мен Мұқырға суды ұстап қалу, амбулаторияға дәрігер әкелу, ауыл іші көшелерін электр жарығымен қамту, Мәстексай – Орал бағыты бойынша автобус шығару, интернетті жақсарту,  күре жолдың бойына қызмет көрсету орындарын ашу, ауыл ішін техникалық сумен қамту, кооператив құру, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін бірлесе шешу жолдары талқыланды. Жұмыс сапары Мұқыр ауылында жалғасып, апатты жағдайдағы ауылдық клубтың жағдайына қанықты. Алдағы уақытта Мұқыр ауылынан салынатын тұрғын үйлердің орнын, мәдениет үйінің орнын анықтау туралы сөз болды.

image-07-03-25-01-57-5

Аудан әкімінің іс-сапары ауыл тұрғындары үшін үлкен маңызға ие, өйткені олар өз мәселелерін ашық айтып, шешім қабылдаушылармен тікелей қарым-қатынас орнату мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, бұл сапарлар ауылдардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.

Сыйлыхан Талапұлы,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале