19.04.2025, 11:00
Оқылды: 309

Жаңақала ауданының «Халықтық» хор ұжымы облыстық байқаудан жүлделі орын алды

Бүгін БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығы орталығында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай хор ұжымдары мен вокалдық топтардың «Кел, шырқайық!» атты облыстық байқауы өтті.

image-18-04-25-07-03-1

2 кезеңнен құралған, 9 хор ұжымы мен 10 вокалдық топ сынға түскен өнер додасында аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан құрылған халық хоры да өнерлерін паш етті. 1974 жылы негізі қаланып, 1977 жылы алғаш рет «Халықтық» атақты қорғаған хор ұжымына бүгінде Амангүл Сисенова жетекшілік етеді.

image-18-04-25-07-03-2

Аталмыш байқауда тынымсыз еңбек пен өнерге деген шексіз махаббаттың арқасында бағы мен бабы қатар келіскен халық хоры топ жарып, І орынның биігінен көрінді. Халық игілігі мен руханияты үшін қызмет атқарып жүрген өнер ұжымын шын жүректен құттықтай отырып, Жаңақала көгінде әсем үндерімен әуелей берсін деп тілейміз.

Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале